КОММУНАЛДЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ПӘТЕР АЛУҒА ОН БЕС МЫҢНАН АСА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КЕЗЕКТЕ ТҰР
Мемлекеттен арендалық тұрғын үй алуға бүгінде он бес мыңнан аса қызылордалық кезекте тұр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Үстіміздегі жылдың 1 сәуіріне Қызылордада коммуналды тұрғын үй қорынан пәтер алуға 15610 азамат кезекте тұр», - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ерлан Бердібаев. – Олардың ішінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері, 904 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар, 8044 тұрмысы төмен отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер, 6369 әскери қызметкерлер, 289 жалғыз апатты жағдайдағы үйлері барлар».
«Өткен жылы 156 пәтерлі 7 арендалық үй үлестіріліп берілді», - деп түсіндірді Бердібаев. – «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша тағы 270 пәтер, ал «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 75 пәтерге қоныс тойы жасалды. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін кезекте тұрған азаматтарға 60 пәтерлі үйлер берілетін болады. Қазіргі уақытта 2005-2008 жылы кезекке тұрған азаматтар баспанаға қол жеткізуде.
Шынар БЕКБАН