АРДАГЕРЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ
Жеңіс Күні қарсанында Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен сот қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Рысбаев Жұмабек атамыздың шаңырағында болып, ұжым атынан арнайы құттықтап, ардагер атамызмен ой бөлісіп ақ батасын алды.
Рысбаев Жұмабек 20.10.1922 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққұм ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленіп, орта білім алған соң өз қабілетімен Қызылорда қаласындағы педагогикалық училищеге түскен. Одан кейін, Арал ауданында мұғалім болып еңбек еткен. Сол ауданнан 1941 жылы майданға аттанып, Отан қорғауда Сталининград майданында №542 армияның 1320-шы атқыштар полкінде «Командир зенитного отделения», «Старшина», «Политрук» болған. Сталинград майданында алған ауыр жарақаттан мүгедек болып, елге 1943 жылы оралды.
Жұмабек Рысбаев Отан соғысының 2-дәрежелі ордені, Германияны жеңгені үшін «Жуков медальімен» және Ұлы Жеңістің 20,30,40,50,60 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейін Тереңөзек, Жалағаш аудандарында 40 ұстаздық қызмет атқарған.
Атамыз бейбіт өмірдегі көп жылдық ұстаздық еткен еңбегі үшін көптеген орден, медаль, Құрмет грамоталарымен марапатталған. Үш ұл, жиырма немеремен шөбере сүйіп отырған ұлағатты ұстаз, ақылшыда ардақты ата.
Заң өкілдері ардагер атамызбен әңгімелесіп, жеңіс пен бейбіт өмір әкелген үшін рахметін айтып, сыйлықтарын тапсырды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі