ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ» ШАРАСЫ КЕЗІНДЕ 1767 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасының кезектен тыс сайлау күні қарсаңында Қызылорда ОІІД-нің жеке құрамы қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айының 20-22 аралығында күшейтілген түрде қызмет атқаруға көшті. Бұл туралы Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі хабарлады.
Үш күндік шара барысында 1767 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, оның ішінде 255 – жылдамдықты асырып автокөлікті басқарған, 24 – автокөлікті мас күйінде жүргізген, ұсақ бұзақылықтар жасағаны үшін (ӘҚБтК 300-бабы) - 180, спирт ішімдігін ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендерге 246 әкімшілік хаттама толтырылды.
Қабылдау - тарату орнына 12 азамат жеткізіліп, уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына 65, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 11 жасөспірім орналастырылды.
Жедел алдын алу шарасы барысында тәртіп сақшылары ізін суытпай 40 қылмыстың бетін ашты.