ЖАС ОТБАСЫЛАР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТТІ
Қаламыздағы №189 орта мектепте «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жас отбасылар арасында «Әкем, анам және мен» тақырыбында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды.
Сайысқа қатысқан жас отбасылар отбасы құндылығын сақтау, бала тәрбиесі, өнерге баулу бағыттарында және білімі мен ұтқырлығы бойынша сынға түсті. «Менің отбасым» тақырыбында суреттерін салған балалар отбасындағы ата-ананың ролін, отбасы татулығын өз қиялдарымен қағаз беттеріне түсірді.
Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Сейілбековтер отбасы, ІІ орынды Тұрсыновтар отбасы алса, ІІІ орынды Есіркеповтер отбасы иеленді.
Жеңімпаздар орталық тарапынан бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды.