«ӨЛІ РАЗЫ БОЛМАЙ, ТІРІ БАЙЫМАЙДЫ» АТТЫ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Сыр өңіріндегі ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, бас имам Талғат Омаровтың бастамасымен жергілікті мешіт ұжымдары қорым, зияраттарға тазалық жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі.
Аталмыш шараны жүзеге асырудағы негізгі мақсат – қорымдарды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, әруақтарға тағзым білдіру, көктем келгелі зияраттар маңының тазалығына мән беру болса, екінші жағынан тұрғылықты халықты да осы шараларға үндеу, тазалық сақтауға шақыру болды.
Акция аясында орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің ұжымы мен қалалық мешіт ұжымдары қала маңайындағы және шет аймақтардағы бірнеше қорымдар мен зияраттарды тазартып, әруақтарға құран бағыштады.