БАНКТІҢ БЕРЕШЕК СОМАНЫ ӨНДІРУ АРЫЗЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛМАДЫ
«Дебиторлармен жұмыс жасау бюросы» ЖШС-гі Жалағаш ауданы тұрғынынан заем шарты бойынша берешекті өндіру туралы талап арызымен Жалағаш аудандық сотына жүгінген.
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, талап арызда «Альянс Банк» АҚ 14.12.2006 жылғы №1417-ЭК-1354012/2006 банктік қарыз шартына сәйкес борышкер 14.12.2008 жылға дейін 113592 мың теңге берілген, төлем кестесі бойынша ай сайын 7289 теңге төлеу керек болған. Келісім шарттың 3.9 тармағына сай қарыз пайда болған жағдайда жауапкерден әуелі Банктің шығындары, содан кейін айыппұл, сыйақы, заемның сомасы өндірілуге тиіс. Жауапкер 7.12.2006 жылдан бері орындамай, несиені ай сайынғы төлеу мерзімін кешіктірген. Сотта азамат талапты мойындамай, Банктің алдындағы қарызды уақытында толық өтегенін, қарыз пайда болғандығы туралы ешқандай хабарлама келмегенін, талапты қою мерзімі өтіп кеткенін көрсетіп талапты қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.
Аудандық соттың 16.03.2015 жылғы шешімімен «Дебиторлармен жұмыс жасау бюросы» ЖШС-нің жауапкерден 26585 теңге негізгі қарызы мен сот шығындарын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырудан бас тартылды.