ЖҰМЫС ТОБЫ ШИЕЛІ ЖӘНЕ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДАРЫНДА БОЛДЫ
2015 жылдың 17-18 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали бастаған жұмыс тобы облыстың Шиелі және Жаңақорған аудандарында болды.
17 сәуірінде Шиелі ауданында Департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразалимен жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау өткізілді. Қабылдауда болған ауданның 6 тұрғыны мемлекеттік қызметті өткеру, жер қатынастары және басқа да салаларды қамтыған сұрақтар қойылды.
Мұнымен бірге, жұмыс тобы Шиелі ауданының белсенді тұрғындарымен кездесу өткізілп, кездесу барысында М.Оразали Департаменттің негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, яғни профилактикалық шараларға көп көңіл бөлініп отырғандығын атап көрсетті.
Сонымен қатар, 2015 жылдың 18 сәуірінде Департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали Жаңақорған ауданында да жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау өткізіп, 4 аудан тұрғыны әртүрлі сұрақтармен жүгінді.
Жаңақорған ауданында да жұмыс тобы белсенділерімен, тұрғындармен кездесу өткізіп, Департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали Департаменттін басты міндеті болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайластыққа әкелетін жағдайлар себептерін азайту, яғни жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар кешенін жүргізу табылатындығын айтты.
Шиелі және Жаңақорған аудандарында Мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы Ғ.Ілкібаев «Е – қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің енгізілуі бойынша жұмысымен танысып, жауапты қызметкерлерге методикалық көмектер берді.