ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ
Өңірімізде жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған арнайы сабақтар мен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен қаламыздағы барлығы 12 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу, оның ішінде мерез ауруының жұғу жолдары туралы түсінік беретін кездесулер өткізілді. Осы шараларға барлығы 540 оқушы қатысты.
Аталмыш кездесулерге «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары, Қызылорда облыстық тері-венерология аурулар диспансерінің дәрігер венеролгтері, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары және «Шапағат» жастар денсаулық орталығының психолог мамандары қатысып, кеңінен ақпараттар беріп, жасөспірімдердің сауалдарына жауап берді.