ӘР ҰЛТ ЖАСТАРЫНЫҢ БАСЫН БІРІКТІРГЕН БАЙҚАУ ӨТТІ
Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен 10-ға жуық өзге ұлт өкілдерінің басын қосқан «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін...» тақырыбында эссе жазудан шығармашылық байқау, «Берік отбасы есірткіден алыс!» деген ұранымен черлидинг спорттық би түрінен сайыс, «Есірткісіз өмір ғажайып!» тақырыбында үздік бейнеклиптер сайысы, КТК байқауы өткізілді. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
1500-ден аса мектеп оқушылары мен студент жастарды тапқырлық және шығармашылық тұрғысында бақ сынастырған байқауға Қазалы ауданынан Рамиль Рашид, Сырдария ауданынан Әсел Раджапқызы, Қызылорда қаласы №217 мектеп оқушысы Азизмахмуд Магадан, Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушысы Ринат Юлдашев пен Денис Тен сынды өзге ұлт өкілдері қатысты.
Бүгін, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қасиетті қазақ өлкесіне сан түрлі тағдыр жазуымен қоныс тепкен өзге ұлт өкілдерінің басын біріктіруді мақсатының бірі еткен байқаудың қорытындысы белгілі болып, үздік деп танылған жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Үздік деп танылған қатысушылар Қызылорда ОІІД-нің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.