СУ ТУРАЛЫ СӨЗДІҢ СҰРАУЫ БАР
Өткен аптада кейбір республикалық телеарналар мен интернет сайттарда Сырдария суы ауыр металлға толы болуына орай оны ішуге болмайтындығы туралы материалдар жарияланған болатын. Онда халықаралық грант негізінде үш жыл бойына зерттеу жүргізген Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдарының Сырдария суы аса қауіпті және егістіктерді суаруға жарамсыз деген қорытынды шығарғандығы сөз болған. Жалпы бұл мәлімет Қызылорда облысы тұрғындарын алаңдатқаны белгілі. Ал, біздің ғалымдар және сала мамандары жоғарыда аталған фактілердің бірде біреуін растап отырған жоқ. Мұндай жалған ақпарат тарату кімдерге керек болды? Бұл мүмкін өзге өңірлердің күріш, балық шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің іс-әрекеті болды ма? Кім білсін. Егер дәл осындай ниет болған жағдайда онда ол бәсекелестіктің опасыз жолы деп айтуға болады.
Сонымен...Сырдария өзеніндегі су сапасы қандай?
Сырдария өзеніндегі су сапасына тұрақты бақылау жүргізіп отырған ҚР Энергетика министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы мамандары судың шамадан тыс ластанбағандығын жеткізді. Мамандар былтырғы жылдың соңында және биылғы жылдың басында Сырдария өзені мен Солтүстік Арал теңізінің су үсті көздерінің ластануын зерттеген. Судың құрамы Сырдария өзенінде (Төменарық, Қызылорда қаласы, Қазалы қаласы, Қаратерең, Жосалы) және Солтүстік Арал теңізінде Көкарал бекеттерінде тексерілген.
2014 жылғы 4 тоқсанында Сырдария өзені бассейні суының ластаушы индексі 1,82 құрап, бұл көрсеткіш үшінші сыныпты шамадан тыс емес ластануға жатады деген қорытынды жасаған.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары Сырдария суының құрамындағы ауыр металдар мөлшерінің шамадан тыс екеніне күмән келтіре отырып, өзен суын ауыл шаруашылығында пайдаланудың өнім сапасына кері әсер етпейтіндігін айтып отыр.
Мұны «Қазақ Күріш ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-гі мамандары да растауда. Аталған институттың зерттеулеріне сәйкес, сүзгіден өткен суда ауыр металдар мен басқа да элементтер (рұқсат етілген мөлшерден) аспайтындығы, ал балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарында темір, мырыш, никель, калий, қорғасын, кобальт, хром, сынап, мышьяк, натрий олардың табиғи құрамына сәйкес келетіндігі жөнінде қорытынды берген.
Облыс бойынша экология департаменті зертхана-аналитикалық бақылау бөлімінің бас маманы Дана Ағыбаеваның айтуынша, сульфаттар судағы өсімдік және жануарлар тектес ағзалардың ыдырауынан пайда болады және барлық дерлік жерүсті суларында кездеседі. Кермектік пен магнийдің мөлшерден артуының себебі де табиғи фактор. Мыстың концентрациясының нормативтен асуы соңғы 10 жыл ішінде кейбір кезеңдерде ғана орын алған. Нақтырақ айтсақ, 2005, 2006, 2008, 2010 және 2014 жылдары кездескен. Бірақ бұл мөлшерден ауытқу деректері 1,2-2,2 шамасында, яғни мөлшерлі ластанған деңгейден аспады.
Өзеннің жоғары жағындағы елдер – Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан аумағында ірі өндіріс ошақтары жоқ, ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыштар және пестицидтер қолдану деңгейі жоғары емес. Сонымен қатар, суғаруға пайдаланылған өзен суында, топырақта ауыр металлдар мөлшері жоғары болғанымен, өсімдіктер элементтердің өзіне қажеттісін ғана сіңіреді. А.Медниковтың «Самая длинная река Средней Азии оказалась отравленной» атты мақаласында аты аталған Мәлік Бүрлібаевтың ұстазы, академик-эколог Абай Тұрсыновтың зерттеулері бойынша Сырдария арнасының ағын сумен өздігінен тазарып отыратын қасиеті бар. Біздің облыстың аумағындағы оның ұзындығы 1000 шақырымнан асады. Жоғары ағыс пен төменгі ағыс биіктігінің айырмасы 70 метрден асатындықтан, ағыс қарқыны жоғары. Өзен суы туралы мәлімдеме жасау үшін, суға жыл бойы талдау жүргізіліп тұруы керек. Өйткені судың құрамы жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отыратыны тағы бар.
Айта кету керек, «Ғасыр жобасы» атанған САРАТС-тың бірінші кезеңінің қорытындысымен Арал теңізінің акваториясы 2-3 есеге артқаны, судың минералдануы 23 г/л-ден 11 г/л-ге дейін азайғаны баршаға мәлім.
Сыр суының сапасы қандай?
Ауыз су мәселесіне келсек, Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметі бойынша облыс бойынша жылдық берілетін ауыз су көлемі жылына 25,8 млн. текше метрді құрайды. Оның ішінде Сырдария өзенінен 6 млн. текше метр алынады немесе 23 пайыз ғана құрайды.
Облыс бойынша Сырдария суын Су сүзгі станциясынан жан-жақты тазартылғаннан соң тек Қызылорда қаласының тұрғындары тұтынады. Жалпы облыс орталығының халқы тіршілік нәрін жерасты және және жерүсті су көздерінен қатар алады.
Жерүсті су көзі – Сырдариядан жобалық қуаттылығы тәулігіне 56,5 мың текше метр, нақты 20-22 мың текше метр беріледі. Жерасты су көздері – 77 ұңғыманың бойынша жобалық қуаттылығы тәулігіне 37 текше метр болса, бүгінде 44 ұңғыма жұмыс істеп, 24 мың текше метр ауыз су берілуде. Ұңғымалардың 5-еуі ағымдағы жөндеуде, 13-і күрделі жөндеуді қажет еткендіктен тоқтап тұр, 15-і резервке қойылған.
Тасбөгет кентінде 2 сүзгілі су тазарту станциясы жұмыс жасайды. Тәулігіне №1 станция 22,5 мың текше метр, №2 станция 34 мың текше метр, барлығы 56,5 мың текше метр су тазартады. Зерттеулер сүзгіден өткен суда ауыр металлдар мен басқа да элементтер рұқсат етілген мөлшерден аспайтынын дәлелдеп отыр. Сүзгіден өткен су сыйымдылығы 18,8 мың текше метр резервуарға жиналып, тұтынушыларға таратылады.
«Қызылорда су жүйесі» МКК теңгерімінде бас тоған, су тазартудың 2 кешені, 541,1 шақырым ауыз су жүйесі, 308,2 шақырым кәріз жүйесі, 54 кәріздік насос станциясы, биологиялық тазарту станциясынан 2 кешен, 64 ұңғыма, ІІ көтерілімдегі 6 насос станциясы, судың қысымын көтеруге арналған 7 насос станциясы бар.
Сондықтан тұрғындардың тұтынып отырған ауыз су сапасының дұрыстығына еш күмән келтіруге болмайды. Мұны Қызылорда облысы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау департаменті және су сүзгі станциясы мамандары растап отыр.
Күрішімізге көршілер де ықыласты
Күрішіміз жеуге жарамсыз ба? Бұл сауалымызды Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынын бөлім меңгеушісі, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Құрманбек Бәкірұлына қойдық. Ғалымның айтуынша, институттың бастамасымен 2010 жылы Ресейдің Башқұртстан Республикасындағы Экология және табиғатты пайдалану министрлігіне қарасты сараптамалық зертханасына Қызылорда облысының аумағынан топырақтың 3 сынамасы (өзеннің жоғары, орта және төменгі ағысынан) күріш дәнінің 3 сынамасы және сабанының 3 сынамасы сараптамаға жіберілген. Сынамалар Ресей және шетелдік кешенді сараптамалық әдістемелер қолданып зертттелген. Зерттеу нәтижелері күріш дәніндегі улы элементтер – мышьяк, кадмий, қорғасын, сынаптың және басқа ауыр металдардың мөлшері Ресейде бекітілген санитарлық-гигиеналық нормадан аспайтынын көрсеткен. Күріш сабанындағы ауыр металдар мөлшері де рұқсат етілетін мөлшерде болған. Топырақ сараптамасының көрсеткіштері осыларға ұқсас.
Краснодарлық белгілі ғалым профессор Г.Зеленский күріш дәнінің ішкі асқа пайдаланатын қабатының түрлі зиянды заттарды өткізбейтін механизммен жабдықталғанын, яғни қорғағыш қасиеті бар екенін дәлелдеген.
Институтқа көптеген шетелдік ғалымдар өздерінің сорттары мен инновациялық технологияларын енгізу жөнінде ұсыныстарын беріп, бірге жұмыс жасауға ниет білдіруде. Қазіргі таңда бірнеше жоба бар.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінде өткен жылы Қызылорда облысында 146 762 тонна күріш өндіріліп, оның 30 356 тоннасы экспортқа Қырғызстанға, Тәжікстанға, Түрікменстанға, Өзбекстан мен Украинаға шығарылғаны көрсетілген. Экспортқа шыққан өнімді кедендік тексеру барысында оның сапасында ауытқулар болмаған. Тағы бір дерек, Қызылорда облысының тұрғындары 100 пайыз жергілікті күрішті тұтынады.
Аралдың балығына шетелде сұраныс жоғары
Соңғы жылдары Сырдария өзенінен су алып отырған Кіші Арал теңізі мен жергілікті маңызы бар су айдындарында балықтың көлемі артып, оның аулау көлемі өсуде. САРАТС жобасының бірінші кезеңі аяқталғанда, балықтың 21 түрі қалпына келген. Өткен жылы 715 тоннадан астам балық өнімдері Еуропа елдеріне экспортталды.
Балық өнімдерін эскпортқа шығару үшін зертханалық сараптамалардың негізінде сәйкестік сертификаты мен ветеринариялық сертификат алынады. Сәйкестік сертификатын «Ұлттық стандарттау және сертификаттау орталығы» АҚ, ветеринариялық сертификатты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті береді. Наурыз айында «Арал СДО» ЖШС Польшаға көксерке балығының филесін экспорттау үшін сертификат алған. Зертханалық сынақтар балық өнімінің құрамындағы пестицидтер, радионуклейдтер мен токсиндік элементтердің рұқсат етілген нормадан ауытқымайтынын анықтаған. Бүгінгі күнге дейін балықтардың өзендегі судан қырылу дерегі тіркелмеген. «Сырдария өзенінің суы балық шаруашылығына жарамсыз» деген уәжге мамандар осылай дейді.
Қатерлі ісіктің қарқыны
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 1990 жылдан 2014 жылға дейінгі зерттеулер қорытындысын ұсынды. Өңеш қатерлі ісігі 100 000 тұрғынға есептегенде 35,5-тен 13-ке дейін, яғни 2,7 есе төмендеген. Асқазан қатерлі ісігімен науқастану облыс бойынша бір деңгейде, атап айтқанда, 100 000 тұрғынға есептегенде 14,7 және 14,2-ні көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш республикада 16,4 болып тұр. Аталған дерттердің өршуі тікелей суға байланысты болса, өңеш қатерлі ісігі төмендемей, керісінше жоғарылауы тиіс еді.
Айта кету керек, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары кішкентай нәрестелері бар аналардың 90 пайызға жуығының сутінен пестицид анықталғандығын жеткізген. Бұл қорытынды да ешқандай шындыққа жанаспайды және қызылордалық әйел-аналардың сүттері алынып, зерттелмеген.
Түйін: Біз жоғарыда аталған мақалада келтірілген дәйектерге қатысты бірнеше сұрақты осы мәселелермен тікелей айналысатын құзырлы мекемелерге жолдап, олардан келген жауаптарды ұсындық. Таразыға тартуды оқырман еншісіне қалдырайық.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА