МЕКТЕПТЕГІ ҮГІТ-НАСИХАТТЫҚ ІС-ШАРАЛАРЫ ЖАСАЛДЫ
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылында орналасқан №144 орта мектебінде ұйымдастырылған «Өрт - тілсіз жау» тақырыбында өткен ашық тәрбие сағатына қатысты.
Ашық тәрбие сағаты бастауыш сынып оқушыларына өртті болдырмау мен оның алдын алу туралы үгіт-насихат жұмысын жүргізу мақсатында жүргізілді. Тәрбие сағатында оқушыларға арнайы көрнекі құралдар мен бейне материалдар, ойындар мен сұрақ-жауап әдісі арқылы өрт туралы, оның орын алу жағдайлары мен салдары, алдын алу шаралары мен өрт болған жағдайда қажетті іс-шаралар туралы түсіндірілді. Іс-шараға барлығы 90 оқушы қатысты, деп хабарлайды Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы.
Басқарма қызметкерлері оқушыларға қаладағы өрт ахуалы, өрттің пайда болу себептері, оны болдырмау мен жою әрекеттері туралы айтып берді. Сондай-ақ, іс-шара барысында қызметкерлер оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді, үгіт-насихат үнпарақтарын таратты.