ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ҚАЗАҚ ТІЛІ" ҚОҒАМЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-КЕҢЕСІ ӨТТІ
Арал ауданында «Халықаралық қазақ тілі қоғамының бұқаралық ақпарат құралдарымен және еңбек ұжымдарымен өзара байланысы» тақырыбы бойынша облыстық семинар-кеңес болып өтті.
Семинарға қоғамның аймақтық филиалдарының жетекшілері, аудан әкімінің орынбасарлары, қалалық және аудандық тілдерді дамыту бөлімдерінің меңгерушілері қатысты.
Жиында Халықаралық қазақ тілі қоғамының облыстық филиалы төрағасы Аңсат Сәдуақас сөз алып, еліміз тәуелсіздік алған жиырма үш жылдың ішінде мемлекеттік тілді меңгергендер қатарының айтарлықтай өскенін атап өтті.
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмыс жасай бастағанына 26 жыл болды, - деді ол өзінің сөзінде. - Осы уақыттың ішінде тіліміздің болашағы үшін орасан зор жұмыстар атқарылды. Елімізде тілдер туралы заңдардың қабылдануынан басқа, мемлекеттік тілдің қолданылу ауқымын арттыруға бағытталған бағдарламалар қабылданды. Егемендікке қол жеткізілгелі бері қазақ тілінде білім мен тәрбие беретін мектептер мен балалар бақшасының саны ұлғайды. Бірақ алға қойылған міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін әлі де көптеген жұмыстар жасалуы керек».