КЕҢСЕ БАСШЫСЫ ҚАЛАЛЫҚ СОТ ҰЖЫМЫНА ЖИНАЛЫС ЖАСАДЫ
Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысы А.Жұмамұратов Қызылорда қалалық сотының кеңсе қызметкерлерімен жиналыс өткізді, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз хатшысы.
Жиынға Қызылорда қалалық сотының төрағасы А.Бабатов, Қызылорда облыстық соты кеңсе басшысының орынбасары, Қызылорда облыстық соты кеңсе меңгерушісі және бөлім басшылары қатысты.
Жиналыс барысында облыстық сотының кеңсе басшысы А.Жұмамұратов бірінші кезекте өткен жылғы атқарылыған жұмыстар мен үстіміздегі жылдың үш айында жасалған жұмыстарды салыстыра отырып, қалалық сот кеңсесімен атқарылған жұмыстарға өз бағасын беріп өтті. Қазіргі таңда құқықтық сауаттылықты көтеруге, сот төрелігінің әділдігі мен ашықтығына және халықтың сот жүйесіне сенімділігін арттыру бағытында көптеген жұмыстар жасалынып жатқанын да атап өтті. Жеткен жетістіктер де жетерлік, алайда проблема да жоқ емес. Барлық қызметкерлерге өздерінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, мемлекеттік қызметшінің моральдық және эстетикалық бейнесінің талаптарына сай болуларына шақырды. Кеңсе басшысы қалалық соттың кейбір қызметкерлері өз функционалды міндеттерін уақытын да орындамай, қызметіне салғырттықпен қараған ұжым мүшелеріне ескертулер жасады. «Сын түзелмей мін түзелмейді». Осылайша басшы қызметкерлерден жұмыстың уақытылы орындалуымен қатар жауапкершілікті талап етті.