АРМАН ТӨЛЕУБАЕВ ПЕН АРҒЫН ӘШІРБЕКОВТЕР ЕСІМІ ЖАДЫМЫЗДА МӘҢГІ САҚТАЛАДЫ
1997 жылы 24 наурызда 11 сағат 25 минутта орталық өрт байланыс бекетіне «Көкөніс» АҚ өрт болып жатқаны туралы қоңырау түседі. Жанып жатқан оттың бетін қайтару үшін апатты орынға аға өрт сөндіруші өртке қарсы қызмет сержанты Төлеубаев Арман Қуанышбайұлы мен аға өрт сөндіруші өртке қарсы қызмет сержанты Әшірбеков Арғын Қазыбекұлылар ең бірінші болып кіреді. Осы өртті сөндіру кезінде үстіне ауыр темір бетон құлауы салдарынан, біздің екі әріптесіміз қаза табады. Кейін жасаған ерліктері үшін екі азамат «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Қызылорда қаласындағы «Локомотив» стадионында қызмет бабында қаза тапқан әріптестеріміз Төлеубаев Арман мен Әшірбеков Арғынды еске алу мақсатында өрт-қолданбалы спортынан өткізілетін жарыстың ашылуы болды.
Іс–шара кезінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник М.Келесов сөз сөйледі.
Өз сөзінде Мұрат Келесов: «Өрт сөндіру қызметі - өте қиын және жауаптылықты қажет ететін қызмет. Өртпен арпалыста өрт сөндіруші өзін құрбан етуі де мүмкін. Осы апаттың болғанына 18 жыл өтсе де, бұл ауыр қайғының орны ешқашан толар емес. Марқұмның туғандары мен әріптестері оларды ешқашан ұмытпайды» - деді. Марқұмдарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесі ұжымы мен ардагерлері, қаза болған әріптестердің туған–туыстары боздақтар ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Жарысқа өртке қарсы қызметінен 11 команда, Ресей Федерациясынан 2 команда (Специальное управление ФПС №70 МЧС России, Филиал ФГУП «ЦЭНКИ» - «Космический центр «Южный» город Байконыр) және «Өрт сөндіруші» Акционерлік қоғамының командалары қатысты.
Жарыс төрт талаптан тұрды. Төрт түрлі жарыстың қорытындысы бойынша командалардың есебі жүргізілді. Командалардың жеңімпаздары кубоктармен, грамоталармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы