СУДЬЯ ҚЫЗМЕТІНЕ ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ТАЛАП КҮШЕЙТІЛДІ
«Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезі ұтымды саясат, тиімді экономика, қауіпсіздік пен тұрақты дамудың басты ұстанымына айналды. Бұл сын сәттерде қабылданған батыл шешім. Партияның XVI съезі стратегиялық мақсат-міндеттерімізді айқындауға арналды. Съезге қатысқан делегаттар, соның ішінде әр өңірден жиналған 1200 қатысушы делегаттар айтылған ұсыныстарға байланысты нақты шешімдер шығаратынына сенімі мол.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев съезд барысында қалыптасқан жағдайларға байланысты ел алдында тұрған жаңа міндеттерді атап өтті. Мемлекет басшысы мемлекетімізге төнген жаһандық қатерлерге өзгеше және қуатты тойтарыс беру керектігін атап отырып, бес институционалды реформа ұсынған болатын. Олар – заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру; заң үстемдігін қамтамасыз ету; индустриаландыру және әртараптандыруды негіз еткен экономикалық өсім; біртұтас болашақтың ұлты; сондай-ақ транспарентті және есеп беретін мемлекет.
«Қазақстанда сот жүйесінің әлсіз буыны – судьялар корпусы арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жиі-жиі соқтырып жататын судьяларды іріктеу, судьяларға қойылатын біліктілік талаптарының тиімсіздігі. Судьялар корпорациясымен меңіреу тұмшаланбауы тиіс және қоғамдық сыннан тыс болмауы керек. Ашықтық - судьялар қатарындағы емдейтін дәрі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстанда заңгерлердің, тіпті сот процесіне қатысу тәжірибесінсіз судья атанып жүрген жайттар байқалады. Сондықтан, судьяларға қойылатын біліктілік талаптарын қатайту қажет.
Судьялықтан үміткердің 5 жылдық еңбек өтілі нотариус, ішкі істер министірлігі, заң жоғарғы оқу орны, полицияда емес, сот саласында болуы керек және кез келген жоғары саты соты төменгі саты сотында жұмыс істеген болуы керек. Сонымен қатар, жұмысқа енді кіріскен судья үшін кемі бір жылдық сынақ мерзім белгілеп, содан соң барып оны тұрақты судья лауазымына қабылдаған жөн. Шетелдік және отандық инвесторлар қазақстандық әділ соттың әділеттілігіне үлкен сеніммен қарауы тиіс. Ол үшін инвестициялық дау шараларды шешуге шетелдік судьяларды тартып және оларды шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттарымен қарау керек» - деп Елбасымыз партияның XVI съезінде судьяларға қойылатын талапты күшейту жөнінде айтты.
Мемлекет басшысының судьялыққа сот жүйесінде кемі бес жыл еңбек еткен мамандарды ғана алу керектігі жайлы сөзі жалақысы аз, жұмысы ауыр сот қызметкерлеріне үлкен стимул болғаны анық. Себебі, сотта алдына судья болу мақсатын қойған жандар ғана ұзақ жыл еңбек етеді. Қалғандары бір-екі жыл тәжірибе жинаған соң кетіп қалады. Сондықтан, Елбасының бастамасы сотқа жастардың көптеп келуіне әсер етеді.
Бақытжан ҚАЛЫМБЕТ,
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы