ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ САПАСЫ ЗЕРТТЕЛУДЕ
Бүгінде Қазақстандық оқушылар білім сапасын бағалайтын PISA – 2015 халықаралық зерттеулерге қатысуда. Бұл жастардың білім жетістіктерін бағалайтын бағдарлама. Әсіресе 15 жастағы білім алушылардың математика мен жаратылыстану бағытындағы сауаттылықтарын тексеретін жоба болып табылады. Биыл PISA – 2015 халықаралық зерттеуге 232 жалпы білім беретін мектеп пен колледж оқушылары және барлық облыстағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 261 шәкірті халықаралық сынақтан өтпек, деп хабарлайды НЗМ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қызылорда облысы бойынша зерттеу жұмыстарына Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары мен облыс орталығынан 28 білім беру ұйымдарынан барлығы 1465 білім алушы халықаралық зерттеу аясында сынақ тапсырады. Оның ішінде 2 колледж бен Назарбаев Зияткерлік мектебі бар.
ҚР Білім және Ғылым министірлігі жанындағы «Ақпараттық-сараптама орталығы» АҚ маманы Айгүл Есенғалиеваның айтуынша, зерттеулердің соңғы қорытындысы Қазақстан үшін қолайлы болмады деп отыр. Нақтылай айтсақ, 65 елдің арасынан Қазақстанның оқушылары математика сауаттылығынан 49 орынға, жаратылыстану бойынша - 53 орынға және оқу сауаттылығы төңірегінде-59 орынға тұрақтанды. Сондай-ақ, Айгүл Қуанышқалиқызы «Европалық елдерде Финляндия мен Нидерланды көш бастап тұр. Шығыс Азияда болса Сингапур, Оңтүстік Корея және Япония алдынғы қатарда», - деп отыр.
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен PISA-2015 халықаралық зерттеулерге 9 және 11 сыныптың 133 оқушысы қатысты. Тапсырмалар математикалық проблемаларды шешуге, жағрафиялық, атмосфералық, химиялық және физикалық өлшемдерді анықтауға байланысты болды. Айта кету керек, PISA халықаралық зерттеулер еліміздің білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Өйткені, оқушылардың интеграицялық қоғамға дайындық деңгейін анықтау арқылы, олардың алған білімдерін тәжірибеде қаншалықты пайдалана алатындарын көре аламыз.