«АРАЙ» ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ
2015 жылдың 18 наурызындағы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Қожаниязовтың «2015 жылдың өрт қауіпті маусымында Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес 2015 жылдың 14 сәуірінде Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Қызылорда қаласының «Арай» мөлтек ауданында орналасқан саяжай үйлеріне «Өрт қауіпті мезгілінде өрт қауіпсіздігі шаралары» туралы дауысзорайтқыш құрылғысы арқылы жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді, үнпарақтар таратты.
Іс-шара өрт қауіпті мезгіл уақытында жиі орын алып отырған дала өрттері мен саяжай, қора өрттерінің алдын алу және болдырмау, тұрғындарды қауіпсіздік шараларымен таныстыру және де өрт болған жағдайда атқаруға қажетті іс-әрекеттермен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Үгіт-насихат жұмысы барысында «1-дачная», «2-дачная», «3-дачная», «Автомобилисттер», «Сырдария» көшелері қамтылды, жергілікті тұрғындарға 60 үнпарақ таратылды.
Қызылорда қалалық ТЖБ