ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ ҮГІТ-НАСИХАТТЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛДІ
Кеше Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы және Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының қызметкерлері бірлесіп Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық округінде «Өрт қауіпті мезгілінде өрт қауіпсіздігі шаралары» тақырыбында жергілікті әкімдік ғимаратының мәжіліс залында түсіндірме жиынын өткізді. Бұл туралы Қызылорда қаласы ТЖБ хабарлады.
Көктем мезгілінде қала аумағындағы елді-мекендерде орман және алқап өрттерінің алдын алу және тұрғындар мен шаруа қожалықтары басшыларын өрт қауіпсіздігі шараларын таныстыру, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық өткізу мақсатында өткен жиын барысында қызметкерлер қала және облыс аумағындағы өрттердің статистикасы, қазіргі уақыттағы өрт ахуалы және де қажетті қауіпсіздік шаралары туралы атап өтті.
Жиынға қатысушыларға үгіт-насихат үнпарақтары таратылды. Іс-шараға барлығы 45 адам қатысты.