1414 БІРІҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ КЕЛІП ТҮСКЕН ӨТІНІШТЕР САНЫ 600-ДЕН АСТЫ
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалында жыл басынан бері 1414 Бірыңғай байланыс орталығы (бұдан әрі – ББО) арқылы келіп түскен өтініштер бойынша 600 құжат қабылданды.
2013 жылғы қыркүйек айынан бастап елімізде енгізілген бұл жүйенің артықшылығы сол, тұтынушы ХҚКО-ға келмей-ақ, 1414 байланыс орталығы арқылы бірден өтініш жасай алады. Осы мақсатта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Бірыңғай байланыс орталығының «ХҚКО» РМК мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне шығып, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзара ықпалдастық регламенті бекітілген.
Регламентке сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтар ББО-ның 1414 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы өтінім бере алады. Өтінім келіп түскеннен кейін, ББО-ның жауапты қызметкері 10 минут аралығында «ХҚКО» РМК жауапты қызметкерінің электронды мекенжайына тапсырысты жолдауы тиіс. Өтініш қабылданған сәттен бастап 72 сағат ішінде орындалу қажет - деп мәлімдейді «ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиал директорының міндетін атқарушы А.Тобаева.
Сонымен қатар І және ІІ топтағы мүдектерге мемлекеттік қызмет тегін көрсетілетіндігін, ал ІІІ топтағы мүдектерге көрсетілетін қызмет түріне қарай мемлекеттік баждан босатылатындығын ескеру керек.
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді үй жағдайында көрсету жөніндегі жоба пилоттық режимде 2013 жылдың қараша айынан бастап Қызылода облысы бойынша іске қосылды.2014 жылдың 4-тоқсанында келіп түскен өтініш саны 142 болса, бұл көрсеткіш 2014 жылдың 1-тоқсанында 299-ға жеткен.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы»
РМК Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі