АКЦИЯ АЯСЫНДА АТЫС ҚАРУЛАРЫН ӨТЕМДІ ТҮРДЕ ТАПСЫРҒАН АЗАМАТТАРҒА 7 МЛН. 349 МЫҢ 110 ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ҚАРЖЫ ТӨЛЕНДІ
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 27.11.2014 жылғы нұсқауына сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап желтоқсан айының 31-не дейін травматикалық және газды патронмен жарақат салатын мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардан осындай қаруларды өтемді түрде қабылдау акциясы өтуде.
Аталған акция қағидаларына сәйкес, травматикалық қаруды ерікті түрде өтемді тапсыру шығындарын қаржыландыруға республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Қызылорда облысына 12343000 теңге бөлінді.
Акция басталған уақыттан бері тұрғындармен 173 дана пистолет, оның ішінде 57 дана ұңғысыз атыс қаруы және 116 данасы жарақат салатын патрондарымен ату мүмкіндігі бар газды атыс қарулары тапсырылды. Қазіргі таңда 150 дана атыс қаруларына комиссия қорытындысымен 7 млн 349 мың 110 теңге көлеміндегі қаражатты өтемді түрде төлеу үшін шешімдер шығарылды.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі