САЙЛАУ БАРЫСЫНДА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Мемлекет басшысының 2015 жылдың 25 ақпанындағы №1018 Жарлығына сәйкес, 2015 жылдың 26 сәуірі Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау жүргізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментімен төмендегідей жұмыстар атқарылды. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бөлімі хабарлады.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментімен 2015 жылы 11 наурызында №29 «Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлау жүргізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы» бұйрығы бекітілді. Бұйрықта, сайлау учаскілерінде немесе олардың орналасу аумақтарында әр түрлі төтенше жағдайлардың орын алуы кауіпі кезінде және оларды жоюға жедел шешім қабылдау мақсатында жедел штабтар мен топтар қалыптастырылды. 2015 жылдың 22 мен 28 сәуір аралығында Департаменттің жеке құрамы күшейтілген қызметке ауыстыру бекітілді.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2015 жылғы Қазақстан Республикасы Президентін кезектен тыс сайлауы қарсаңында облыс аумағындағы нысандарды алдын-ала зерделеу іс-шараларын жүргізу мақсатында комиссия құрылып, Департаменттің инспекторы қосылды.
Облыс бойынша: барлығы 345 сайлау учаскілері орналасқан, қазіргі таңда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында барлығы қаралып шықты. Қарау барысында 345 сайлау учаскілері белгіленгенімен сайлау кабиналарымен қамтылмаған, өрт қауіпсізідік талаптары бойынша 990 талап қойылып, оның 918 қарау барысында орындалған. Қалған 72 нысан бойынша орындалмаған талаптар, автоматты өрт дабыл қондырғылары орнатылмаған және бар нысандары бойынша күтім жасалмай, істен шыққаны анықталуда. Барлық сайлау учаскілеріне аудандық ТЖ бөлімі және «ӨСжАҚЖҚ» қызметкерлерінен 253 адам бекітіліп, кезекшілікте болады. Бекітілген жауапты қызметкерлер қарау барысында өрт қауіпсіздігін насихаттап, сайлау учаскілерінің төрағасы мен жауапты қызметкеріне нұсқау жүргізді. Осы бағытта 302 жиын ұйымдастырылып, оған 1559 қызметкер қатыстырылды.

Комментарии 10