ЭЛЕКТРОНДЫ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА ЕНДІ ҚАЛТАФОНДА
Келер жылы электронды цифрлық қолтаңба қазақстандардың қалта телефонында да болмақ. Бұл жаңашылдық «Мобильді үкіметтің ақпараттық жүйесі. М-GOV құру» жобасы шеңберінде әзірленуде.
Бүгінгі күні iOs және Android операциялық жүйесін пайдаланушылар үшін egov.kz мобильді қосымшасы арқылы 13 электронды мемлекеттік қызмет түрі қолжетімді. Олардың қатарында баспана кезегін бақылау, коммуналдық қызметтер үшін төлемақы төлеу, жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу және тағы басқа мүмкіндіктер қарастырылған. Ол үшін мобильді қосымшаны пайдаланушылар файлдық ЭЦҚ қолданады.
«SIM-картаға жазылған ЭЦҚ ұялы телефонның кез келген түрі арқылы электронды қызметтерді алуға мүмкіндік береді, тек SIM-картаны ғана өзгерту қажет болады» - дейді байланыс және ақпарат агенттігінің департамент директоры Абылайхан Оспанов. «Мобильді үкімет» құру барысында электронды цифрлық қолтаңбаны қолданбай-ақ алуға болатын электрондық қызметтерді SMS пен PUSH көмегі немесе бір реттік құпия сөзді қолдану арқылы хабарламалық және алдын ала ескерту сипатында алу мүмкіндігі қарастырылуда. «Бұл дегеніміз, біз болашақта мобильді үкіметтің мүмкіндіктері аясында қағаз анықтамалар мен құжаттардан бас тартатын боламыз»,- деп атап өтті Абылайхан Оспанов.
Қазіргі уақытта 2012 жылдан бері файл түрінде жеке куәлікке жазыла бастаған электрондықцифрлық қолтаңбаны egov.kz порталына кіру барысында компьютер, ноутбук, планшет және смартфон арқылы қолдануға болады.
Айтып өту керек, 2008 жылдан бері қазақстандықтарға барлығы 4,7 млн. ЭЦҚ берілген. Қолданыстағы ЭЦҚ саны бүгінгі күні 2,35 млн. құрап отыр, оның 90% жеке тұлғаларға берілген.
Бүгінгі күні азаматтар ЭЦҚ көмегімен мемлекеттік органдардың виртуалды қабылдауларына өз өтінімдерін жолдап, анықтамалар алуда. Түрлі қызметтер мен рұқсаттарды алуға өтініш беріп, тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркеуге тұрып, тіркеуден шығуда. Ал заңды тұлғалар болса ЭЦҚ көмегімен Интернет арқылы билік құрылымдарымен, түрлі мекемелермен Қазақстанның кез келген аймағындағы серіктестерімен онлайн режимінде әріптестік орнатып, кәсіптерін кеңейте түсуде.
ЭЦҚ 30-дан астам ақпараттық жүйелерде қолданылады, соның ішінде «электрондық үкімет», «электронды мемлекеттік сатып алу» порталдарында, «Қазынашылық-клиент» АЖ мен «Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе» және т.б. жүйелерде қолданылады.
ХҚКО-ның Қазалы аудандық бөлімі