АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ
Ақмола облысындағы тасқын судың күрделенуіне байланысты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Қызылорда облысы аумағында орналасқан аумақтық құрылымдық бөлімдерінен 22 адам, 6 техника, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Малиновка кентіне барып, көмектесуде.
Қазіргі таңда Ақмола облысы, Атбасар ауданында тасқын суға қарсы жұмыстарын жүргізуде. Осы ретте аудан жанынан өтетін өзеннің арнасын тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, тасқын суға қарсы жұмыстарды ұйымдастыру барысында, судың деңгейі көтеріліп, халыққа қауіп төндірген жағдайда Заречная елді мекенінің халқын қауіпсіз жерге көшіру үшін «2 КАМАЗ вахтовка» жоғарғы дайындықта тұр.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы