ҚЫЗЫЛОРДАДА ҮШ КӘСІПКЕР БИЗНЕСІН ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК АЛДЫ
Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бастауыш екі кәсіпкер жылу беретін материалдар мен нан өнімдерін шығару өндірісімен айналысатын болды және тағы бір жеке кәсіпкерлік субъектісі әрекет етуші бизнесін дамытуға мүмкіндік алды.
Жаңадан кепілдендіру келісім-шарттары ЖК «Баймаханов Шахмардан», ЖК «Дильназ» және ЖК «Алимов Алтынбек» кәсіпкерлің субъектілерімен жасалды.
«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ мемлекеттік қолдау аясында ЖК «Дильназ» мекемесінің бизнес ашуына несие алу үшін жобасын 70% көлемінде кепілдендіретін болады. Барлық үш кәсіпкердің жобасын жүзеге асыруына қажетті несиені «Қазақстан Халық Банкі» АҚ береді.
Жас бастауыш кәсіпкер Шолпан Ермағанбетова Қызылордада дыбыс өткізбейтін әрі жылу сақтағыш құрылыс материалын шығару өндірісін іске қосады. Жеке кәсіпкердің жобасының жалпы құны 18 млн.теңгені құрады. Шолпан несие қаражатына жоғары сапасымен және ұзақ мерзімді жарамдығымен ерекшеленетін жаңа жылу сақтағыш құрылыс материалын шығаруға қажетті құрал-жабдық сатып алуды жоспарлайды. Жас кәсіпкер жобасының ерекшелігі – осы өндіріс түрі аймақта әлі дамымаған және ЖК «Дильназ» компаниясының қазіргі таңда аталған өнімді шығаратын бәсекелесі жоқ деген сөз.
Тағы бір жас кәсіпкер Алтынбек Алимов Махамбет ауылында алғашқы нан өнімдерін шығаратын цех ашуды көздеп отыр. Даму Қоры жобаның іске қосылуы үшін 10 500 000 теңге, немесе несие көлемінің 70 % кепілдендіруді қолдады. Алтынбек Алимов наубайхананы туған ауылында бірінші болып ашпақшы және жақын ауылдарға нан өнімдерін жеткізуді де қолға алғысы келеді. Жергілікті ауылда наубайхананың болмауы кәсіпорын шығарған өнімдерге тұтынушыны қиналмай табуына мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қолдау 2003 жылдан бері тасымалдау саласында бизнес жүргізіп келе жатқан жеке кәсіпкер Шахмардан Баймахановқа бизнесін кеңейтуге көмектесетін болды. Кәсіпкердің бизнесінде жыл бойы үздіксіз қызмет ететін 4 адам жұмыспен қамтылған. Егерде жаз мезгілінде ЖК «Баймаханов Шахмардан» түрлі құрылыс материалдарын тасмалдаумен айналысатын болса, күзгі уақытта күріш тасымалын қолға алады, ал қыс келгенде тапсырыс бойынша отын-көмір жеткізеді. Даму Қорының 47% кепілдендіруі арқасында алған несие қаражатына кәсіпкер табысты бизнесін кеңейтуге қажетті жаңа автокөлік сатып алуды жоспарлап отыр.
Жоғарыда атап өткен 3 шағын және орта бизнес субъектісінің жобалары жүзеге асқан уақытта жаңадан 15 жаңа жұмыс орны ашылмақ.