АЙЫППҰЛЫН 7 ТӘУЛІК ІШІНДЕ ТӨЛЕГЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫҒА 50 ПАЙЫЗ ЖЕҢІЛДІКПЕН ТӨЛЕУ ҚҰҚЫҒЫ БЕРІЛГЕН
Жыл басынан бері Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен облыс көлемінде 36 384 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оларға 282 млн. 669 мың теңге айыппұл салынса, оның 139 млн. 096 мың теңгесі өндірілген. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтардан айыппұл өндіру шаралары қазіргі таңда күн тәртібінде тұрған өзекті мәселердің бірі, делінген хабарламада.
Жыл басынан бастап күшіне енген жаңа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 811-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы салынған айыппұлды 7 тәулік ішінде төлеген жағдайда құқық бұзушыға 50 пайыз жеңілдікпен төлеу құқығы берілетіндігі көрсетілген болатын. Осыған орай, есепті мерзімде өндірілген 139 млн. 096 мың теңгенің 46 млн. 827 мың теңгесі 50 пайыздық жеңілдікпен төленген.
Әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты салынған айыппұлды өз еркімен төлеу мерзімі өткен жағдайда заңға сәйкес, айыппұл сомасы жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен мәжбүрлеу тәртiбiмен ұсталып қалынады. Ол үшін жұмыс iстейтiн ұйымның әкiмшiлiгiне айыппұл салу қаулысы жiберiледі. Ал егер де 894-бабы 3-бөлігінің талабына сәйкес, құқық бұзушының жұмыс орны анықталмаған жағдайда салынған айыппұл қаулысы мәжбүрлеп өндіру үшін сот актілерін орындау департаментіне жолданады.
Сонымен қатар әкімшілік айыппұлын төлемеген тұлғаларға оны төлегенге дейінгі аралықта мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту жолдары қарастырылған. Осы Заңның 67-бабының 1-бөлігі 8-тармағында жол жүрісі қауіпсіздігін бұзу дерегі бойынша әкімшілік айыппұлын төлемей жүрген тұлғаларға, автокөлікті тіркеуден шығару, тіркеуге қою және жүргізушілік куәліктерін беру секілді қызметтердің көрсетілмейтіндігі айқындалған.
Қазіргі таңда ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі» ақпараттық жүйесі айыппұлдарды заңда көрсетілген мерзімде өз еркімен төлемей жүрген құқық бұзушыларды және олардың жұмыс орындарын анықтайды. Аталған жүйені пайдалану арқылы борышкерлердің жұмыс орындарына, мекеме басшылығына қарамағындағы қызметкерлердің айыппұлын өндірту жөнінде хабарламалар жолданып, тиісті жұмыстар атқарылуда.