АДАМДАР ӨМІРІН ҚҰТҚАРУ-МАМАНДЫҚТАН ГӨРІ ҚҰРМЕТТІЛІККЕ ЛАЙЫҚ
Адамдар өмірін құтқару бұл мамандықтан гөрі құрметтілікке лайық сияқты. 24 сағат бойы күре жолдық медициналық құтқару бекетінде кезекшілікте болу, әрбір секунд бойы жолда зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын болу қажет. Қызылорда облысында күре жолдық медициналық құтқару бекетінің ашылғанына да көп уақыт бола қоймаса да, олар арқылы қаншама жолда зардап шегушілерге медициналық көмек жасалған. Олардың ішінде қысқы кезеңде жолда тоңып, үсіп қалғандар да бар. Оларға ұзақ жылдар бойы жедел жәрдем көрсетіп жүрген жоғары білікті медицина мамандары көмек көрсетеді. Олар үнемі өз біліктіліктерін толықтырып, теориялық жағынан арттырып отырады, семинар-лекциялар ұйымдастырады. Оған қоса жергілікті ішкі істер органдары және денсаулық сақтау бөлімдерімен бірлесіп, оқу-жаттығулар ұдайы ұйымдастырылып келеді.
Жоспарға сәйкес осындай тактикалық оқу-жаттығудың бірі өткізілген болатын. Оқу-жаттығу жоспары бойынша «Самара-Шымкент» автожолынан 1941 шақырымында 9 сағат 25 минут шамасында жол-көлік оқиғасы орын алды. Онда көлікке ие бола алмаған жүргізушісі бетондық құрылысқа соққан. Бір жарақаттанған адам бар. Күре жолдық медициналық құтқару бекетінің кезекшісіне суыт хабар 9 сағат 30 минут шамасында жол-патрульдік полициясының аға инспекторы Ж.Абылбековтен келіп түскен. «Шиелі-Бәйгеқұм» күре жолдық медициналық бекеті мамандары 2 минут ішінде жинақталып, 15 минутта оқиға орнына жеткен. Медицицналық құтқару бекетінің жедел әрекет ету бригадасы мамандары арқасында жарақаттанған азаматқа дер кезінде алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, жақын маңдағы емдеу мекемесіне жеткізілді.
Ш.С.АСХАБОВ,
«Шиелі-Бәйгеқұм» күре жолдық
медициналық құтқару бекетінің субординаторы