НЗМ ҰЖЫМЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТКІЗДІ
«Дүниежүзілік денсаулық күнін» атап өтудің алғашқы кезеңі «Арай» аквапарк жанындағы флеш-мобпен басталды. 300-ге жуық Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бірдей қимылдай отырып, көпшілікті зиянды әрекеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды, дейді НЗМ баспасөз хатшысы Елена Рыбина.
«Спорт адамға күш беріп, жігерлендіреді. Спорт өмірде, әсіресе тұрмыстық жағдайлар барысында үлкен септігін тигізеді. Мен бүкіл жастардың атынан барша қызылордалықтарды спортпен шұғылдануға шақырамын»,-дейді 11 сынып оқушысы Мақсат Әскербек.
Шараның келесі кезеңі таза ауадағы спорттық ойындармен жалғасты. Жұмыс күні соңында мектептің барлық қызметкерлері мен оқушылары білім ұйымының ауласындағы спорттық алаңға шықты. Гимнастикалық жаттығулардан кейін кураторлар, техникалық қызметкерлер және мұғалімдер командалары кросс жасап, арқан тартудан сайысты. Ал оқушылардан топтасқан командалар өзара сайысып, волейбол, футбол, теннис және баскетбол секілді спорт түрлері бойынша бақтарын сынады. Барлық жеңімпаздар және үздік деп танылған ойыншылар арнайы дипломдармен марапатталды.
«Шарамыздың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, өскелең ұрпақты спортқа тарту, — дейді мектеп директоры Гүлмира Мүнкеева. Сондай-ақ, ол оқушылардың дене тәрбиесімен айналысуына барлық жағдай қарастырылғандығына тоқталды. Мәселен, 11 спорттық үйірме мектеп базасында орналасқан. Әсіресе, жастар үшін, крикет, үлкен теннис, құзға шығу секілді үйірмелер оқушылардың қызығушылығын арттырып отыр.
Фестиваль соңында НЗМ ұжымы мен Қызылорда қаласындағы гуманитарлық колледж мұғалімдері арасындағы волейболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Ойын барысында кім жеңіске жететінін білу қиынға соқты. Себебі екі команда да мықты дайындықпен келген. Алайда, зияткерлік мектебінің командасы алға шығып, қарсыластарын 3:2 есебімен жеңді.