ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСӨСПІРІМ» ШАРАСЫНЫҢ АЯСЫНДА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНА 261 ЖАСӨСПІРІМ ЖЕТКІЗІЛДІ
Сәуірдің 1-10 күндері аралығында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ теріс қылықтармен айналысатын жасөспірімдерді анықтап, дер кезінде шара қолдану және жасөспірімдер алдындағы ата-аналардың, заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында барлығы 290 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының талаптарына сәйкес, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 26 ата-анаға, ҚР ӘҚБтК-нің 442-1-бабының талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық кешендеріне заңды өкілінсіз кіруіне жол берген 11 тұлғаға, ҚР ӘҚБтК-нің 442-2-бабының талаптарына сәйкес сағат 23.00-ден 06.00-ге дейінгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болған 209 кәмелет жасына жетпеген жасөспірімге, қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылықпен айналысқан 21 жасөспірімге қатысты әкімшілік шара көрілді. Ал ішкі істер органдарына барлығы 261 жасөспірім жеткізілді.
Мәселен, ағымдағы жылдың 4 сәуірінде кәмелет жасына толмаған Шиелі ауданының 14 жасар тұрғынының ата-анасының немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз қала орталығындағы кафелердің бірінде жүрген жерінен ұсталды. Осыған байланысты, ҚР ӘҚБтК-ның 132-1-бабына сәйкес кәмелет жасына толмаған жасөспірімнің кіруіне жол берген кафе әкімшілігіне және ҚР ӘҚБтК-ның 442-1-бабына сәйкес жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілді.
Сонымен қатар, сәуір айының бірінде сағат 23.30 шамасында кәмелет жасына толмаған жасөспірім ата-анасы немесе заңды өкілінің еріп жүруінсіз үй-жайдан тыс жерде жүрген жерінен ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 442-1-бабына сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімнің түнгі мезгілде тұрғын жайдан тыс жерде болуына жол бергені үшін ата-анасына хаттама толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал, 6 сәуірде сағат 14.00 шамасында ҚІІБ-нің кезекші бөліміне Қызылорда қаласының тұрғынынан Абай даңғылы мен Бөкейхан көшелерінің қиылысында кішкентай жасөспірімнің ата-анасынан адасып жүргені туралы хабарлама келіп түскен болатын. Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, жасы шамамен 4-ке толған жасөспірімді анықтады. Ата-анасын іздестіру жұмыстары нәтиже бермегеннен кейін, жасөспірім Қызылорда облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі