ЖҰМЫС ТОБЫ ҚАРМАҚШЫ ЖӘНЕ ЖАЛАҒАШ АУДАНДАРЫНДА БОЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали бастаған ақпараттық-насихаттық топ облыстың Қармақшы және Жалағаш аудандарында болды.
Сапар аясында Қармақшы ауданы әкімдігі ғимаратында Департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразалимен жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау өткізілді. Қабылдауда болған ауданның 4 тұрғыны мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Мұнымен бірге, жұмыс тобының мүшелерімен Қармақшы ауданының белсенді тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында М.Оразали Департаменттің негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу, сыбайластық қылмыстарға жағдай туғызатын алғышарттар мен себептерді анықтау және жолын кесу болып табылатындығын атап өтті. Өз ретінде Департаменттің мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы Ғ.Ілкібаевпен «Е - қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бойынша түсіндірме берді.
Сапар шеңберінде Департаменттің жұмыс тобы Қармақшы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.
2015 жылдың 4 сәуірінде Департаменттің ақпараттық-насихаттық тобы Жалағаш ауданында болды. Өз сөзінде Департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразали жаңадан құрылған органның басты міндеті болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайластыққа әкелетін жағдайлар себептерін азайту, яғни жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар кешенін жүргізу табылатындығын айтты.
Жалағаш ауданында Департамент басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразалимен жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау өткізілді. Жеке қабылдауда болған аудан орталығының 3 тұрғыны мемлекеттік қызметті өткеру, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жауаптылығына қатысты сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптарын алды.