БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЕЛІМІЗДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМДАРЫМЫЗДЫҢ БІРІ
Бала-болашақтың бастауы. Өсіп келе жатқан әрбір жеткіншек – Отанымыздың басты құндылығы. Оларға тиісті көңіл бөліп, бала жастан қамқорлық көрсетіп отыру – қасиетті міндет. Ертең олар да ержетіп, еліміздің азаматы болуына, беделді тұлғасына айналары сөзсіз. Ал, оның биіктен көрінуіне ата-ана, қоршаған орта ықпал етуі керек. Тәрбиелі, саналы азамат шығару ата-ананың басты парызы. Елдің ертеңі-бүгінгі ұрпақ екенін естен шығармауымыз керек.
Бала құқықтарын қорғау жолындағы еліміздегі маңызды қадамдардың бірі Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 23 тамыздағы Жарлығымен Астана мен Алматы қалаларында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құрылуы болды. Мұнан кейін, 2008 жылдың 19 тамызында Мемлкет басшысының Жарлығымен еліміздегі балаларды қорғау жүйесін жасақтауға және оны әрі қарай жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасында ювеналды әділет жүйесін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттарды құру ювеналды әділет жүйесінің маңызды бөлігі ретінде қарастырылды. Осы мәселені шешу мақсатында 2012 жылдан бастап, барлық облыс орталықтарында және ірі елді-мекендерде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар құрылды. Бүгінгі таңда Қазақстанда, алғаш рет Орталық Азия және посткеңестік кеңістікте кәмелетке толмағандардың қатысуымен және балалардың құқықтарын қорғауға қатысты азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша арнайы юрисдикциялы өкілеттік берілген мамандандырылған 19 сот жұмыс істеуде. Соның ішінде Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өткен жылға атқарылған жұмыстарымен есеп берсек. 2014 жылдың 12 айында 141 адамға қатысты 122 қылмыстық іс, 338 талап арыз (арыз), 2 азаматтық іс (соттылық б/ша) және 527 әкімшілік құқықбұзушылық істері түсті.
Ал, республика бойынша медиация тәртібімен аяқталған істердің саны 7,3 пайызға өскен, соның ішінде біздің өңірді атап көрсетер болсақ 2014 жылдың 12 айында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты барлығы 13 қылмыстық істі және 2 азаматтық істі ҚР Медиация туралы Заңының талаптарын қолданып қараған.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі