ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСӨСПІРІМ» ШАРАСЫМЕН 172 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың сәуір айының 01-10 күндері жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ теріс қылықтармен айналысатын жасөспірімдерді анықтап, дер кезінде шара қолдану және жасөспірімдер алдындағы ата-аналардың, заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.
Аталған кешенді шараға ІІО-нің жеке құрамы жұмылдырылып, жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты филиалы өкілдерінің қатысуымен алкоголь ішімдіктерін ішетін, заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі мезгілде немесе сабақ уақытында тыйым салынған орындарды жағалайтын кәмелетке толмағандарды, мектептер мен лицей оқушыларына теріс криминогендік ықпалы бар және бопсалаумен айналысатын жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандардың есірткі және психотроптық заттарды тұтыну фактілерін, оларды пайдалануға тартатын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Іс-шараның 2 күнінде ішкі істер органдарына барлығы 178 жасөспірім жеткізілді. Олардың 6-ы қаңғыбастыққа салынғаны үшін жеткізілсе, 172-і түрлі деңгейдегі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 14 ата-анаға және ҚР ӘҚБтК-нің 442-1-бабы бойынша 23.00-ден 06.00-ге дейінгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын тыс жерлерде жүргені үшін 9 заңды өкілдеріне әкімшілік шара көрілді.
Аталған бағыттағы жұмыстар өз дәрежесінде сәуір айының 10-на дейін жалғасатын болады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі