АНТ МҮШЕЛЕРІ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТЕР ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Кеше өңір тұрғындарының діни сауатын арттыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Қызылорда облысының дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген кездесу «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүліктер орталығы РМК» қызметкерлерімен Қазақ халқының ұлттық құндылықтары және дәстүрлі дін тақырыбында өтті.
Кездесу барысында Қызылорда облысының дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының бас маманы Н.Ахметов ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына түсініктеме беріп, мемлекеттің және облыстағы тіркелген конфессиялар мен діни бірлестіктердің санына тоқталып өтті. Сондай-ақ, Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, дінтану ғылымының магистрі, дінтанушы Б.Оспанов «Қазақ халқының ұлттық құндылықтары және дәстүрлі дін» тақырыбында және «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің ұстазы, теолог Б.Арынов «Ислам және діни құндылықтар» тақырыбында баяндамалар жүргізілді.