КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНА ОҚУҒА ТҮСУ ҮШІН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
ҚР ІІМ ТЖК Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері подполковник С.Ә.Сыздық пен офицер аға лейтенант Б.Оспанов Қызылорда қаласы №171 Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларынан 23 ер бала қатыстып, ҚР өткен жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» №188-V Заңымен және құтқару қызметіне болашақ жас мамандарды дайындау үшін ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу бөліміне оқуға түсу үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмыстары барысында Институттың тарихы мен тыныс-тіршілігі жөнінде түсірілген видео-роликтерімен таныстырып, көрсетті.
Қызылорда облысы ТЖД