МҮГЕДЕКТЕРДІҢ КӨБЕЮІНЕ ӨКПЕ ЖӘНЕ ҚАН АЙНАЛЫМЫ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ СЕБЕП БОЛЫП ОТЫР
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Төреахмет Жолымбетов алғашқы мүгедектіктің көбеюіне ересектер арасында өкпе және қан айналымы жүйесінің аурулары, ал балалар арасында туа біткен ақаулары мүгедек болып танылған адамдардың өсуі себеп болып отырғанын мәлімдеді.
- Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардың аймақтың мүгедектік жағдайын тұрақты деңгейге келтіру бағытында облыс әкімінің тапсырмасымен департамент, денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, алғашқы мүгедектікті төмендету мақсатында іс-шаралардың жоспарын әзірлеп, соған сәйкес бүгінгі күні жұмыстар атқарылуда, - деді Т.Жолымбетов.
Айта кету керек, департаментпен медициналық әлеуметтік сараптама бөлімдеріне өтініш білдірген тұлғаларға барлығы 12062 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызметтердің басты үлесі мүгедектікті белгілеу мақсатында куәландырудан 63,9 пайызы өткізуі болып табылды, ал 36,1 пайызы бойынша мүгедектерге жеке оңалту бағдарламасы әзірленді.
Шынар БЕКБАН