ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Аптаның сейсенбі күні «Мұз айдыны» спорт кешенінің мәжіліс залында алқа мәжілісі өтті. Мәжіліске аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлім басшылары мен балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің директорлары, орынбасарлары шақырылды.
Мәжілісті бастау алдында басқарма басшысы Садық Мұстафаев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитінің куәліктерін бірқатар спортшыларға табыстады. Оның ішінде спорт түрлерінен 6 спортшыға ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 6 спортшыға ҚР спорт шебері атағы берілді.
Алқа мәжілісін басқарма басшысы Садық Мұстафаев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде биылғы жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша Жаңақорған аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен №7 және №8 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жоғары білікті спортшылар мен спорт резервтерін дайындау жұмыстары жайлы хабарламалар жасалынды.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласы мен аудандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы туралы, басқарма жанындағы спорттық ұжымдар арасында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының тестілерін тапсыру және бокстан, қазақ күресінен, әйелдер күресінен, футболдан қыздар бөлімшелерін ашу туралы ағымдағы мәселелер талқыланды. Алқа мәжілісі қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылдады.