ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР-КЕҢЕС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Кеше Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің залында Төтенше жағдайлар туындағандағы, адам өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төнгендегі іс-әрекет, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік жөнінде семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Семинарға ТЖД Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасы, ІІД жедел жоспарлау басқармасы, «ОӨАЖҚЖ» ММ, «Суда құтқару қызметі» ММ, «ӨСжАҚЖҚ» ММ, «Медициналық апат орталығы» ММ филиалының қызметкерлері қатыстырылды.
Кеңес барысында Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет басқармасының бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Р.Қосназаров Төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жою кезінде ақпаратты беру жөніндегі нұсқауды бекіту туралы атқаратын іс-шаралар туралы айтты.
Оған қоса облыстық ішкі істер департаменті Жедел жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Н.Сухамбердин ІІД мен ТЖД жедел кезекшілері арасындағы өзара ақпарат алмасуды одан әрі жетілдіру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында бірлесіп жұмыс жасау жөнінде хабарлама жасады. Жедел басқару орталығының бастығы полиция майоры А.Мұстафаев қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын түсіндірді.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы