ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ САБАҚ ӨТТІ
Кеше ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері подполковник С.Сыздық «Облыс аумағында жергілікті және өңірлік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға өзара бірлесіп әрекет ету» тақырыбында сабақ өткізді.
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының хабарлауынша, сабақ барысында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою туралы түсіндірме жүргізіліп, бейнесюжеттер көрсетілді. Әскери бөлімнің күштер мен құралдарын табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатыстыру туралы түсіндірілді. Әскери бөлімнің күштері мен құралдары табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде адамдардың өмірін құтқаруға және денсаулығын қорғауға, материалдық шығындардың көлемін азайтуға, сонымен қатар төтенше жағдай ошақтарын ауыздықтауға бағытталған құтқару, апаттық-қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қатыстырылатыны жөнінде ескертілді. Сабаққа 150 жеке құрам қызметкері қатысты.