ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСӨСПІРІМ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛМЕК
01-10 сәуір аралығында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жоспарланған. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған кешенді шараға жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, білім беру, денсаулық сақтау органдарының, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының жастар қанаты филиалы өкілдерінің қатысуымен алкоголь ішімдіктерін ішетін, заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз түнгі мезгілде немесе сабақ уақытында тыйым салынған орындарды жағалайтын кәмелетке толмағандарды, мектептер мен лицей оқушыларына теріс криминогендік ықпалы бар және бопсалаумен айналысатын жасөспірімдерді, кәмелетке толмағандардың есірткі және психотроптық заттарды тұтыну фактілерін, оларды пайдалануға тартатын адамдарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіледі деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, облысымыздағы жасөспірімдер мен жастардың құқықтық мәдениетін көтеру, оларға құқықтық тәрбие беру мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері және басқа да мүдделі органдары өкілдерімен біріге отырып жалпы білім беретін оқу орындарында дәрістер, дөңгелек үстелдер, ашық пікір алысулар ұйымдастырылмақ.