САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУҒА ШАҚЫРДЫ
Салауатты өмір салтын ұстану тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның денсаулығы туралы ғылымдарды біліп, қолдану болып табылады. Студенттер арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, осы тұрғыда мағлұматтар беру маңызды.
Осы орайда Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Тарих, құқық және экономика» факультетінің 1 курс студенттеріне «Салауатты өмір салтын ұстану» тақырыбында дәріс оқылып, осы саладағы білікті мамандармен кездесу өткізілді.
Кездесуге Қызылорда облысы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкері Г.Мазқожа және университеттің «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., Ж.Қалмақова қатысты.
Мамандар денсаулыққа қауіпті дене қозғалысының азаюы, жүйесіз тамақтану секілді негізгі факторлардың кең таралғанын атап көрсетіп, салауатты өмір салтын ұстану арқылы денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын, оны қалыптастырудың негізгі бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу соңында студенттерге салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану тұрғысындағы мәліметтер таратылды.