"ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМДАР" АНЫҚТАЛДЫ
Өткен сенбіде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында облыстың колледж студенттері мен лицей, орта мектептің дарынды оқушылары арасында «Үздік жас ғалым» ғылыми конкурсы болды. Байқау «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының «Зияткер» білім беру орталығының ұйытқы болуымен өтті.
Айта кету қажет, бұл байқау – «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының облыс ұстаздары мен ғылымға бет бұрып жүрген жас ғалымдарға жасап жатқан бірден-бір қолдауы. Екінші жыл ұйымдастырылып отырған жобаға аймағымыздың барлық аудандары қамтылды, соның ішінде Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары және Қызылорда қаласының ұстаздары мен дарынды оқушылары белсенділік танытты. Конкурсқа келіп түскен 200-ге жуық ғылыми мақаланы сараптаған қазылар алқасы екінші кезеңге 38-ін іріктеп шығарды. Жас ғалымдар өз еңбектерін қазылар алдында қорғап, бақтарын сынады.
Байқау қорытындысында «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қорының директоры Нұрлан Нұрмаханов, Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Бауыржан Елеусінов үздік деп дара атанғандарды І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдар және алғыс хаттармен марапаттады.
Сайыс соңында бірінші орынды әдебиет саласы бойынша Перуза Кемал, тарих саласы бойынша Дана Есенбаева, химия, биология, география саласы бойынша Альбина Айтбай, математика, физика саласы бойынша Ержан Айболат иеленіп, «Үздік жас ғалым» атанды. Алдағы уақытта үздік ғылыми мақалалар жеке жинақ ретінде жарыққа шықпақ.