СОТҚА КЕЛУШІГЕ ХАБАР БЕРУ ГИБРИДТІК ПОШТА АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында гибридтік электрондық пошта арқылы хат-хабарды жолдау жөнінде семинар сабағы өткізілді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі күні барлық облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарда сотқа шақыру қағаздарын гибридтік электрондық пошта арқылы басып шығару, конвертке салу және оны әрі қарай жөнелту жаңа қызметі іске асырылуда.
Мемлекеттің экономикалық жағдайына байланысты, сотпен жолданатын хат-хабарға жұмсалатын қаржыны үнемдеу мақсатында және сотқа келушілерді сот отырысы болатын күні мен уақыты туралы жедел хабарлау үшін сотқа шақырылған азаматтың ұялы телефоны немесе электрондық поштасына бірінші электрондық хабарлама жолдау қажет.
Одан кейін, 24 сағат өткен соң, егер де смс хабарлама жеткізілмеген болса, сот отырысының хатшысы сотқа шақыру қағазын гибридтік электрондық пошта арқылы жолдайды.
Семинарда кеңсе меңгерушісі БААТЖ бағдарламасы арқылы бір іс бойынша сотқа шақыру қағазын гибридтік пошта арқылы жіберу жолдарын көрсетті.
Одан басқа, аталған пошта байланысы арқылы арнайы құжаттар ғана жолданатынын ескертіп, оларды атап шықты. Сот мамандарына хат-хабар жолдаған кезде хатты алушының толық мекен-жайы мен пошталық индексі көрсетілу және жолданған хат 15 парақтан аспау керектігін атап өтті.