МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған «Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Локомотив пайдалану депосы» бастауыш партия ұйымында болып, мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында БПҰ төрағасы Жұлдызбай Мұсаев: «Елбасы тапсырмасын басшылыққа ала отырып, мүгедектерді жұмысқа тартудамыз. Қызылорда депосында бүгінгі күні 8 мүгедек жұмыс істейді. Үстіміздегі жылдың 1 наурыз күні біреуін зейнетке шығарып салдық. Өткен жылдың аяғында осы жылдың басында 3 мүмкіндігі шектеулі жандар (оның екеуі қалада, біреуі Қазалы депосына) жұмысқа қабылданды»,-деді.
Мүмкіндігі шектеулі жандармен кездескен «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева: «Мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамдық өмірден оқшаулап тастауға ешкімнің хақысы жоқ. Тағдырдың жазуымен мүгедек болған жандардың өмір сүруін жеңілдету, олардың еңбек қабілеттерін дамытуына қолайлы жағдай жасау, тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету – партияның «Кедергісіз келешек» жобасының негізгі талабы» екенін жеткізді.