«БАЛҒЫНДА» НАУРЫЗ БІРІНШІ ТОЙЛАНАДЫ
«Наурыз келді! Наурыз келді! Наурыз келді!», - деп ойыншық аттарын мініп, ерсілі-қарсылы алақайлап шауып, шат-шадыман болысқан бүлдіршіндердің жарқын дауыстары Жаңақорған ауданындағы №5 «Балғын» балабақшасында өткен «Қош келдің, Әз Наурыз!» мерекелік ертеңгілігінің шымылдығын айқара ашты.
«Балғын» балабақшасы - аудандағы бұрынна келе жатқан балабақшалардың бірі. Ол 1973 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бұл балалар мекемесінің аудандағы аумалы-төкпелі қиын-қыстау заманда жабылмай қалған бірегей ұйым екенін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда «Балғында» 3-6 жас аралығындағы 50-ге жуық бала мектепке дейін тәрбие алуда.
«Балғын» балабақшасы 2001 жылдан бері «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының қамқорлығында келеді. Мұнайшылар жаңақорғандық бүлдіршіндерге мектепке дейінгі тәрбие алуына барынша қолайлы жағдайлар жасап отыр. Дәстүр бойынша петроқазақстандықтар өздері қамқорлыққа алған балғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтауға бірінші болып ат басын бұрды. Әрине, құр қол емес, тәтті-мәттілері мен жұмсақ ойыншықтарын молынан арқалап келді.
- «Балдәурен» қайырымдылық қоры жанындағы «Балғын» балабақшасының тәрбиеленушілері жыл сайын Наурыз мейрамын аудан бойынша алғашқылардың бірі болып тойлайды, - деп қуанышын білдіреді «ПҚҚР» АҚ өкілі Хусаин Сәрсембаев. – Өскелең ұрпақ, соның ішінде балғындық бүлдіршіндер көктемгі күн мен түннің теңелу мезгілінде ұлттық дәстүрлерімізді бойларына сіңіріп, ізгілікке толы тәлім-тәрбие алуда. Бұл жерде «Балғынның» тәрбиешілері мен ұстаздарының еңбегі ерен, олар бала тәрбиелеу ісіне білімі мен тәжірибелерін ғана жұмсап қоймай, өз жұмыстарына бар жан-тәнімен беріледі. Мұндай игі жандардың қанатының астынан түлеп ұшқан бүлдіршіндердің ересек өмірде жақсы қырынан және өнегелі қасиеттерімен танылатыны - сөзсіз ақиқат.
Балабақшаның бүлдіршіндерін Наурыз мейрамымен құттықтауға келген қонақтардың арасында Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов те болды.
- Наурыз мейрамы – баршамыз үшін көктемгі жаңару мерекесі, соның ішінде Ұлыстың ұлы күні саналады, - дейді Р. Рүстемов. – Көктемгі күн мен түннің теңесу шағында кішкене балғындарымызға еліміздің дені сау һәм ақылды азаматтары болып өсуіне және болашақта тәуелсіз Қазақстанның жоғары білімді әрі мықты азаматтары болып қалыптасуына тілектестігімді білдіремін.
Ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртпай, Наурыз тойы өткен бе!? Аудан басшысы ағынан жарыла ақ тілегін төгіп, бір жарым жасар Нұрғисаның тұсауын кесіп, батасын берді:
- Үлкен азамат бол, шыншыл да батыл бол, ақылды әрі үлгілі жігіттердің қатарынан табыл! Жолың жарқын болсын, бүлдіршін!

Мереке соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Дарынды балғындық өрендер мен тәрбиешілердің орындауындағы тамылжыған әсем әндер мен мың бұралған билер көктемгі мейрамның нақышын еселеп, айшықтай түсті.
Дәмі тіл үйіретін түрлі тәттілер молынан жайылған дастархан басында қонақтар мен «Балғын» балабақшасының ұжымы дәстүрлі тағам – хош иісті наурыз көжеден дәм татты.
- Менің қызым осы «Балғында» тәрбиеленуде, - дейді жүзінен қуаныш нұры төгілген жаңақорғандық Назым Алдабергенова. – Бұл тәрбие ошағынан үлкен ұлым мен қызым да тәлім алған, олар қазір мектепте, сабақтары жаман емес. Жыл сайын осы балабақшада Наурыз мейрамын үлкен көңіл бөліп, айрықша көңіл-күймен атап өтеді. Мерекенің бұлайша ерекше өтуінде тәрбиешілердің үлесі орасан зор деуге әбден болады. Өздеріңіз көріп отырғандай, балғындардың іші-бауырыңды жібітіп, көңіліңді елжіретіп жіберетін өнерлерін көргенде, тәрбиешілердің еңбегіне дән риза боласыз. Десек те, осының бәрі бүлдіршіндердің мектепке дейін сапалы білім мен тәрбие алуына барлық тиісті жағдайларды жасап отырған «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының қамқорлығы деп білеміз. Балаларға жасаған сый-сияпаттары үшін мұнайшыларға мың да бір рақмет. Мұнайшылар қауымын Наурыз мейрамымен құттықтай отырып, жеңісті күндерде жетістіктер тілеймін!
«ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімі