«ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН» МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Тұңғышбаев Исағали Өмірзақұлы «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Тұңғышбаев Исағали 2001 жылдан бастап сот саласында қызмет атқарады. Алғашқы еңбек жолын Қызылорда қалалық сотында сот приставы болып бастаған, кейін сол соттың кеңсе меңгерушісі болып жұмыс жасады. 2010 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында заңды жүйелеу және баспасөз қызметінде еңбек етеді. Республикалық және жергілікті газеттерде сот саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңалықтар жөнінде бірнеше мақалалары жарық көрген.
Мерекелік жиында 14 жыл бойы сот саласында жасаған еңбегі ескеріліп, қызметтік міндеттерін адал, абыроймен атқарған, сот жүйесінің дамуына зор үлесін қосқан үшін Тұңғышбаев Исағалиға Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысының Құрмет грамотасы тапсырылды.
Сабырлы, салмақты, мінезі ашық, 4 баланың әкесі Исағалиға алдыға уақытта да өзін жақсы жағынан көрсетуге тілек білдіреміз.
Қаракөз САРСЕНБАЕВА,
Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі