ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕР НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАДЫ
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі Қызылорда облыстық ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында да өте ұйымшылдықпен аталып өтті.
Наурыз мерекесі күні мекеме ауласында асқақ музыка әуелеп, көпшілікті мерекелік көңіл-күйге бөледі. Жаза мерзімін өтеуші сотталғандар мерекені лайықты қарсы алуға алдын-ала әзірленген еді.
2015 жылдың 21 наурыз күні «Ашық есік» күні болып жарияланды. Сотталғандардың туған туыстарына жататын орындары және жұмыс орындары таныстырылды. Наурыз мерекесін ЗК-169/1 мекемесінің бастығы әділет полковнигі Ж.Қарсақбаев ашты. Ол жазасын өтеп жатқан азаматтардың адал еңбегі және өзінің тәртіптілігі арқылы көзге түсіп жүргендерін айтып, Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын шүректен құттықтады. Сондай-ақ олардың отбасыларымен аман-есен қауышуларына игі тілегін білдірді. Жақсы тәртібімен мекеменің қоғамдық жұмыстарына белсене араласқан сотталғандар Алғыс хатпен марапатталды.
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай іс-шаралар жоспарына сәйкес мерекеде күй күмбірлеп, ән асқақтап, мерекелік іс-шара спорттық сайыстарға ұласты. Шаруашылық қызметіне қалдырылғандар арасында «Ер арманы», «Болашақ», «Жастар» атты командалар құрылып, шахмат, гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тарту бойынша жарыстар өткізілді.