СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА ДІНИ УАҒЫЗДАРДЫҢ ДА ӨЗІНДІК РӨЛІ БАР
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тарапынан Дін мәселелерін зерттеу орталығының қолдауымен «Имандылық жүрекке ұяласа ...» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараны ашқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңес төрағасы М.Оразалы өз сөзінде жұмыла күрессек қана жемқорлық көріністерін жеңе алатындығымызды нақтылады.
Шара барысында «Ақмешіт-Сырдария», «Құддыс ишан», «Нұр», «Ыбырайым молда», «Хазырет әлі», «Айтбай» мешіттерінің, Жергілікті православиелік діни бірлестігі «Шымкент Епархиясы Қызылорда қаласы Қазан Ана иконасы храмының приходы», «Қызылордалық інжілдік христиан-баптистерінің шіркеуі» «Үміт» жергілікті діни бірлестігі, Жергілікті інжілдік христиан-протестанттар діни бірлестігінің «Қызылорда пресвитериандық «Любовь» шіркеуінің өкілдері өз сөздерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда діни уағыздардың өзіндік рөлін атап өтті.
Басқосу қорытындысымен өзара бірлескен жұмыстар шеңбері бекітіліп, ағымдағы жыл бойына жүргізілетін уағыз айту жұмыстарының кестесі келісілді.