ЗК-169/5 МЕКЕМЕСІНДЕ ҚОСЫМША ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУҒА МҮМКІНДІК ЖАСАЛДЫ
Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органы ЗК-169/5 мекемесінде болды. «Колониядағыларды жұмыспен қамту - 2017» жобасы мен оны жүзеге асыру іс-шаралар жоспары” Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган отырысының күн тәртібіне шығарылды. Күн тәртібіне сәйкес Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелерінде жазасын өтеуші сотталғандарды жұмыспен қамту жағдайымен қосымша жұмыс көздерін ашу бойынша нақты іс-шаралар белгіленді.
ККО отырысы хаттамасының 3.3. тармағына сәйкес 2015 жылдың 20 наурыз күні ККО-ның ЗК-169/5 мекемесінде көшпелі танысу іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты ЗК-169/5 мекемесінде жазасын өтейтін сотталғандарды мейлінше жұмысқа орналастыру мақсатында кәсіпкерлерді тарта отырып, қосымша жұмыс көздерін ашу болып табылады.
Аталған іс-шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Годунова бастаған ККО мүшелері мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес өкілдері қатысты. Мекеменің өндірістік аймағын аралау барысында және сотталғандарды жұмыспен қамтудың бүгінгі жағдайын ескере отырып, облысы әкімінің орынбасары Н.Годунова тиісті басқармаларға ЗК-169/5 мекемесіне және өз кәсіптерін мекеме аумағында ашқысы келетін кәсіпкерлерге көмектесуге тапсырмалар берді
Бұл өткізілген іс-шара ЗК-169/5 мекемесіндегі қосымша өндіріс орындарын ашуға зор ықпалын тигізетіні сөзсіз.