ӨЗІҢІЗДІ САЙЛАУШЫЛАР ТІЗІМІНЕН ТЕКСЕРІҢІЗ
Үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болады. Бұл біздің еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға.
Облыс аумағында 345 сайлау учаскесі құрылған. Қазіргі таңда сайлаушылар тізімін нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Сайлаушылардың дәл және толық тізімін жасау дауыс беретін күні қателіктердің болмауына жол ашады.
Осы ретте, жасы 18-ден асқан әрбір Қазақстан Республикасының азаматы әкімдіктерге барып, өзінің сайлаушылар тізімінде болуын тексерулеріне болады.
Оған қоса 87242 400-200 байланыс телефонына хабарласып, аталған тізімде өзінің бар немесе жоқ екендігін анықтауға мүмкіндігі бар.
Сондай-ақ, 27 наурыздан бастап Қызылорда облысы әкімдігінің ресми e-kyzylorda.gov.kz порталына кіріп, сол жердегі «Электорат» деген тармақты басу арқылы тізімді тексеруге болады. Порталдағы арнайы іздеу жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы жүзеге асырылады. Егер іздеу оң нәтиже бермеген жағдайда мына төмендегі органдарға хабарласу ұсынылады:
- Өз аумағыңыздағы әкімдікке;
- 6 сәуірден бастап тұрғылықты жердегі сайлау учаскелеріне.

Сайлау учаскелерінің шекаралары мен учаскелік сайлау комиссиясының құрамы қалалық, аудандық газеттерге 2015 жылғы
4 наурызда жарияланған. Бұл мәліметтер Қызылорда облысы әкімдігі мен аудан, қала әкімдіктерінің ресми порталдарына да орналастырылған.
Осыған орай облыстың барлық сайлаушыларына сайлауда дауыс беруге құқығы бар азаматтар тізімін тексеруге, анықтауға көмек көрсетуге және сайлауға белсенді қатысуға шақырамыз.
Сіздердің белсенділіктеріңіз Қазақстан Республикасы Конституциясы берген сайлау құқығын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.