ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІҢ ҚОРЛАНҒАНЫНА ҚАРСЫ
Бізге керегі – Көк тудың желбірегені! Қызылорда облыстық Жастар Одағы және Жасыл елдің жетекшісі Жасұлан Алдабергенов бастаған топ осылайша ұран етіп, базарларда бүгінде еліміздің туын белгілеген іш киімдердің сатылуына қарсы акция ұйымдастырды.
«Сыр жастары туымызды аяқ асты етуге қарсымыз. Біз бейжай қарай алмаймыз. Болашақ біздің қолымызда. Жарқын болашаққа бірге қадам басайық. Көк Түріктің бүгінгі ұрпақтары үшін Көк туы желбіреп, Алтын күннің шапағынан қуат алған ақиық Қыраны зеңгір көгінде еркін самғағаны – ең үлкен бақыт. Өйткені бұл – біздің Тәуелсіздігіміздің белгісі, елдігіміздің рәмізі. Ал Тәуелсіздіктен асқан бақыт жоқ екенін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, көкейіне түйіп өсіру – парыз. Сонда ғана Қазақтың Әнұраны шырқалып, Мемлекеттік туы желбірегенде Алаштың әр баласының жүрегі дүрсілдей соғып, көкірегін мақтаныш һәм отаншыл сезім кернейді», - деді Ж.Алдабергенов.
Шынар БЕКБАН