АРХЕОЛОГТАР АСТАНАДА БАС ҚОСТЫ
Астана қаласында «Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын қорғау мен сақтаудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынды Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Ә.Ә.Тәжекеев, орталықтың ғылыми қызметкері Р.Т.Дарменов қатысты, делінген университеттің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Басқосу барысында ғалымдар Қазақстанның мәдени құндылықтарын қорғау мен сақтаудың заңдық аспектілерін талқылап, тарихи-мәдени мұраларды қадағалауға қатысты кемшіліктерді күн тәртібіне қойды және өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Жиында барлығы 18 баяндама тыңдалып, өзара пікір-алмасулар болды.